adilettv

ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылуда. 2025 жылы қала аумағында 26 көпқабатты тұрғын үйдің ортақ мүлкі күрделі жөндеуден өтті. Атап айтқанда, Тұран ауданында 4, Әл-Фараби ауданында 20, Еңбекші ауданында 2 тұрғын үйдің қасбеті жаңартылып, шатырлары ауыстырылды, сондай-ақ кіреберістер мен бастырмалар орнатылып, кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Ал биыл қала бойынша 15 көппәтерлі тұрғын үйдің жалпы мүлкін күрделі жөндеу жоспарланған. Оның ішінде Әл-Фараби ауданында 9, Еңбекші ауданында 4, Тұран ауданында 2 тұрғын үй қамтылып отыр.
Күрделі жөндеу жұмыстарын қайтарымды қаражат есебінен жүргізу бойынша тұрғындар Ш.Қалдаяқов көшесі №30 мекенжайында орналасқан «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-не жазбаша өтінім бере алады.
Сонымен қатар, қазіргі таңда қала аумағындағы 22 көпқабатты тұрғын үйде 27 жедел саты қондырғысын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде Әл-Фараби ауданында 1, Тұран ауданында 1, Қаратау ауданында 25 тұрғын үйдің лифттері жаңартылуда. Аталған жұмыстарды 2026 жылдың қаңтар–ақпан айларында толық аяқтау жоспарланған.
Айта кетейік, тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйдің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу және жедел саты қондырғыларын ауыстыру туралы шешім пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқан жиналыста, меншік иелерінің кемінде үштен екісінің келісімімен қабылданады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

AdiletTV

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «БІЗ ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ ӘР АЗАМАТТЫҢ ОРТАҚ ІСКЕ ПАЙДАЛЫ БОЛАТЫН ҰСЫНЫСЫН ЕСКЕРУІМІЗ КЕРЕК»

AdiletTV

17 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДЫ БӨТЕН АДАМ АЛЫП ҚАШЫП, ЗОРЛАҒАН

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз