adilettv

ШЫМКЕНТТЕ 2026 ЖЫЛЫ 31 МЫҢНАН АСТАМ АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНУДА

Шымкент қаласында 2026 жылы халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыруға бағытталған кешенді жоспар бекітіліп, жыл ішінде 31 109 адамды түрлі жұмыспен қамту тетіктеріне тарту көзделіп отыр. Бұл еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтауға және тұрғындардың табысын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың жалғасы болып табылады. Жоспар аясында 3 660 адам кәсіби оқыту шараларымен қамтылады. Олардың ішінде оқу ваучерлері арқылы білім алу, жұмыс берушілер сұранысына сай қысқа мерзімді курстар, жұмыс орнында оқыту және онлайн дағдыларды дамыту бағдарламалары бар. Онлайн оқыту арқылы 3 000 адам жаңа кәсіби дағдыларды меңгереді. Кәсіпкерлікті қолдау бағытында 2 470 адамға мемлекеттік қолдау көрсетіліп, «Бастау Бизнес» жобасы арқылы 2 130 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады, ал 340 адамға өтеусіз мемлекеттік грант беру жоспарланған.
Субсидияланатын жұмыс орындары мен тікелей жұмысқа орналастыру арқылы 4 255 адам қамтылады. Бұл бағытта әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар, «Күміс жас» жобасы және мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайы жұмыс орындары қарастырылған. Сонымен қатар, бос жұмыс орындарына 11 427 адамды тұрақты және уақытша жұмысқа орналастыру көзделіп отыр.
Жыл ішінде қала бойынша 9 297 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Оның 9 086-сы тұрақты, 211-і уақытша жұмыс орындары. Бұдан бөлек, қала әкімінің қаулысымен әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған 258 орындық квота бекітілген. Ал 2025 жылы жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспары артығымен орындалып, 49 655 адам жоспарланса, нақты 54 976 адам қамтылды. Жыл бойы ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкелері мен түсіндіру іс-шараларының нәтижесінде жүздеген азамат тұрақты және субсидияланатын жұмыс орындарына жолданып, мыңдаған тұрғынға мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес берілді. Жалпы алғанда, 2026 жылы Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және Тұран аудандары бойынша әрқайсысында шамамен 6–6,4 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Бұл шаралар қаладағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға және еңбек нарығының теңгерімді дамуына бағытталған. Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

AdiletTV

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қытайдың жетекші өнеркәсіптік компанияларының бірі – «Tianjin Youfa Steel Pipe Group Co. Ltd.» өкілдерімен маңызды кездесу өткізді

AdiletTV

ҚАЛАМЫЗДЫҢ КӨШЕЛЕРІ ЖАРЫҚТАНДЫРУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз