adilettv

ШЫМКЕНТ: СУРДЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Токио қаласында өткен XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында ел намысын қорғаған шымкенттік спортшыларды қабылдады. Қала әкімі чемпиондар мен жүлдегерлерді жеңісімен құттықтап, отандық спорттың дамуына қосқан үлестеріне алғыс білдірді.
Еркін күрестен өнер көрсеткен Шадияр Пернеш барлық кезеңнен сүрінбей өтіп, финалда жеңіске жетті, Қазақстан құрамасының Сурдлимпиададағы жалғыз алтын жүлдесін иеленді. Ал Сабыржан Рсалы қола жүлдегер атанды.
Қала әкімі халықаралық аренада Шымкенттің абыройын асқақтатқан спортшыларға пәтер кілттерін табыстап, олардың жетістігіне үлес қосқан бапкерлеріне де алғыс айтты. Алдағы уақытта спортты дамыту және дарынды жастарды қолдау жұмыстары жалғасын табатынын мәлімдеді.
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №97 бұйрығына сәйкес, Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру қағидалары негізінде Пернеш Шадиярға мемлекет тарапынан үш бөлмелі пәтер, ал қола жүлдегер Рсалы Сабыржанға бір бөлмелі пәтер табысталады.
Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы №156 бұйрығына сәйкес, бірінші орын иегеріне – 250 000 АҚШ доллары, ал үшінші орын алған спортшыға 75 000 АҚШ доллары көлемінде қаржылай сыйақы беріледі.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АПАТТЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

AdiletTV

ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ ШЫМКЕНТА ЗА ПОСЛЕДНИЕ 10 МЕСЯЦЕВ СОСТАВИЛ 14,8%

AdiletTV

Город Шымкент: С начала года на мопеде погибло около 200 человек.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз