adilettv

АСТАНАДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қазақстанның жаңа Конституциясының бірінші жобасы қаралды. Оны дайындау кезінде соңғы 6 айда келіп түскен азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың және сарапшылардың ұсыныстары, сондай-ақ Комиссия мүшелерінің пікірлері, ескертулері мен ұсынымдары ескерілді.
Қазақстанның жаңа Конституциясының бірінші жобасын отырыста Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов таныстырды. Оның айтуынша, жаңа Конституция кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады.
Конституцияның Преамбуласы толығымен жаңарды, конституциялық құрылыстың негізгі ережелері бекітілді, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері нығайтылды, Құрылтайдың өкілеттіктері, Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі айқындалды, сот төрелігінің конституциялық қағидаттары күшейтілді.
Жаңа Конституция жобасының мәтіні азаматтардың тікелей қатысуымен кеңінен талқылау үшін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Азаматтар Ата заң мәтінімен танысқаннан кейін Конституциялық комиссия жұмысын жалғастырады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: Нұрлан Алмасбеков: «Құқық бұзушылық жазасыз қалмайды»

AdiletTV

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ РЕТІНДЕ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ШЫНАЙЫ ҚҰРМЕТПЕН ҚАРАЙМЫН»

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ ТАБИҒИ ШЫРШАЛАР ҚОЙЫЛЫП, АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА МҰЗ АЙДЫНДАРЫ АШЫЛДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз