adilettv

ЖАНАРБЕК ӘШІМЖАНОВ: «ОТАННЫҢ ТЫНЫШТЫҒЫ – ҚОҒАМНЫҢ ТҰТАСТЫҒЫ»

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Жанарбек Әшімжанов Халық Кеңесі – Үкіметтің бағдарламаларына, заң жобаларының тұжырымдамаларына, аймақтық даму жоспарларына нақты ықпал ететін механизм екенін мәлімдеді.
«AMANAT» фракциясы Кеңестің ұсынымдарын заңнамалық деңгейде сүйемелдегенде ғана аталған ұйымның беделі биік, бәсекесі жоғары болады. Республикамыздың басты капиталы – қоғамдық келісім. Ал этносаралық татулық – мемлекеттіліктің іргетасы. Халық Кеңесі этно-мәдени бірлестіктердің, азаматтық қоғам өкілдерінің, сарапшылардың басын қосатын алаң ретінде этносаралық қатынастардағы тәуекелдерді ерте анықтауға, жергілікті деңгейдегі түсініспеушіліктердің алдын алуға, ортақ қазақстандық бірегейлікті нығайтуға қызмет етеді», – деді депутат.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласында инвестициялық ахуалды жақсарту, халықаралық әріптестікті нығайту және инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда

AdiletTV

«Ж.Сүлейменов атындағы №70 жалпы білім беретін мектеп»

AdiletTV

17 ЖЫЛ ҚҰЛДЫҚТА БОЛҒАН ҚҰНДЫЗДЫҢ СОҢҒЫ ФОТОСЫНАН КЕЙІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз