8.3 C
Shymkent
3 февраля, 2026
adilettv

АЛМАТЫДА МОПЕДТІ ЖЕҢІЛ КӨЛІК ҚАҒЫП, КУРЬЕР ЖАРАЛАНДЫ

Алматыда жол ережесін елемеген жеңіл көлік мопедті қағып кетті. Бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай, қиылыстан өтпек болған жүргізушінің кесірінен курьер ауыр жарақат алған.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:
— Жол-көлік оқиғасы кеше кешке Алмалы ауданында Төле би даңғылы және Әуезов көшелерінің қиылысында орын алды. Мопед жүргізушісі ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліп, қазір ем қабылдауда. Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тиісті сараптама зерттеулерін тағайындап, тергеуге кірісті.
Бағдаршамға бағынбаған Toyota шығыс бағытта келе жатқан мопедті қаққан. Соққының қатты болғаны соншалық, қос дөңгелекті көліктің сау тамтығы қалмапты. Зардап шеккен курьер қазір ем алып жатыр. Өткен бейсенбіде де қаланың қақ ортасында жеңіл көлік мопедті қағып, жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен болатын. Полицейлер оны тез арада қолға түсіріп, жауапкершілікке тартты.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Жұмысшы мамандықтар жылы: оқушылар өндіріспен танысуда

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСӨСПІРІМ ОҚУШЫ ҚЫЗДЫ ЗОРЛАМАҚ БОЛҒАН

AdiletTV

В Шымкенте в жилом массиве «Текесу» запустили систему водоснабжения

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз