8.3 C
Shymkent
3 февраля, 2026
adilettv

АНИПА НАЗАРБАЕВАНЫҢ КОМПАНИЯСЫ МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАНША САЛЫҚ ҚАРЫЗ

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Анипа Назарбаеваға тиесілі компания елдегі ең ірі салық қарызы бар кәсіпорындар қатарына кірді. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.
“2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша GROUP OF THE COMPANIES TDA ЖШС-нің бюджет алдындағы салық және өзге де міндетті төлемдер бойынша қарызы 92,3 млрд теңгеден асқан. Компания өзін банкрот деп тану туралы сотқа талап арыз түсірген, іс қазіргі таңда қаралу сатысында”, – деді комитет өкілдері Tengrinews сұрауына.
Аталған серіктестік ең ірі салық борышкерлерінің антирейтингінде үшінші орынға жайғасты. Ал алғашқы бестікте 111,6 млрд теңге қарызы бар Ai-To Progress, 95,1 млрд теңгемен Alpha-bet, 85,6 млрд теңге қарызы бар OLIMP KZ букмекерлік кеңсесі және 47,2 млрд теңге берешегі бар GB Invest компаниясы бар.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың шілдесінде GROUP OF THE COMPANIES TDA Қытайдан тауарларды заңсыз әкеліп, салықтан жалтарды деп танылған. Тергеу мәліметінше, компания 100-ден астам контейнер тауарды контрабандалық жолмен кіргізіп, қосымша құн салығы, корпоративтік табыс салығы және кедендік төлемдерден жалтару үшін бірнеше бақылаудағы серіктестікті пайдаланған. Келтірілген шығын шамамен 10 млрд теңгеге бағаланған.
Сот шешімімен іс фигуранттары 1 жыл 4 айдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айырылып, мүліктері тәркіленген. Тергеу барысында компания бюджетке 643 млн теңгені өз еркімен қайтарып, тауарлары мен мүлкіне тыйым салынған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

В Шымкенте презентовали проект «Читающая нация»

AdiletTV

Шымкент қаласы: «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

AdiletTV

Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының 95 жылдығына орай ұйымдастырылған Орталық Азия елдерінің IX халықаралық театр фестивалі

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз