13.3 C
Shymkent
3 февраля, 2026
adilettv

2029 ЖЫЛҒЫ ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ АЛМАТЫДА ӨТЕДІ

2029 жылғы Қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді. Бұл туралы дүйсенбі, 2 ақпанда Азия Олимпиадалық кеңесі мәлімдеді. Синьхуа агенттігінің мәліметінше, бастапқыда жарыс Сауд Арабиясында өтеді деп жоспарланған.
5 ақпанда Азия Олимпиадалық кеңесі мен Қазақстан қабылдаушы қалаға қатысты келісімді ресми түрде бекітіп, Милан қаласында хост-қаламен келісімшартқа қол қоюды жоспарлап отыр.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда VII Қысқы Азия ойындары 2011 жылы өткен: жарыстар Астанада, Алматыда және Алматы облысы аумағында өткен.
Жарыстың ашылу салтанаты 30 қаңтарда елордада өтіп, турнирдің жабылуы 6 ақпанда Алматыда өтті.
VII Қысқы Азия ойындарының бойтұмары — барыстың аланы Ирби болды.
Ашылу салтанаты Астанада өтті, оны ресейлік компания ұйымдастырған, дайындыққа шамамен екі жыл жұмсаған. Қазақстандықтар алғаш рет осындай ауқымды әрі қымбат шоуға куә болды. Тек ашылу және жабылу рәсімдеріне республикалық бюджеттен 7 млрд теңге бөлінген. Ал бүкіл Азиадаға қазынадан 35 млрд теңге шығын кеткен.
VII Қысқы Азия ойындарына әлемнің 27 елінен 1000-нан астам спортшы қатысты. Барлығы 11 спорт түрі бойынша 69 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Жалпытоптық есепте Қазақстан 70 медальмен (32 алтын, 21 күміс, 17 қола) бірінші орын алды. Екінші орынға Жапония 54 медальмен шықты. Үшінші орынды Оңтүстік Корея құрамасы 38 медальмен иеленді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: Зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің Халықаралық 16 күндік акциясы аясында флешмоб түсірілді

AdiletTV

Во всех учебных заведениях Шымкента прошел «час честности»

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ КҮЛӘШ ШӘМШИДИНОВАНЫҢ «ҮЗДІК» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз