8.3 C
Shymkent
3 февраля, 2026
adilettv

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫНА ТОЛЫҚ ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған жиын өткізді. Іс-шара барысында еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғыртуға бағытталған Конституцияның жаңа жобасы бойынша пікірлер ортаға салынды.
Жиынға қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, мәслихат депутаттары қатысты. Бахадыр Нарымбетов Конституциялық комиссия отырысына қатысып, жұмыс барысында еліміздің болашағына тікелей ықпал ететін маңызды мәселелер жан-жақты қаралғанын атап өтті. Оның айтуынша, Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобына халықтан, саяси партиялардан көптеген ұсыныстар түскен. Аталған бағытта жарты жыл бойы жүйелі әрі қарқынды жұмыс жүргізілген.
Мәслихат төрағасы Конституцияның жаңа жобасында адам құқықтарын қорғау тетіктері жаңа деңгейге көтерілгенін, бір палаталы Парламент жағдайында заң қабылдау үдерісі жеделдеп, Парламент пен Үкіметтің қызметі тиімді бола түсетінін айтты.
Өз кезегінде мәслихат депутаты Бақытжан Позилов жаңа Конституция жобасында денсаулық сақтау саласына ерекше мән берілгенін атап өтті. Оның айтуынша, халық денсаулығын қорғау мен медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған қағидаттардың күшейтілуі – ел дамуы үшін маңызды қадам. «Дені сау ұлт – мемлекеттің басты байлығы», – деді ол.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын қолдайтындарын білдірді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШ: ШЫМКЕНТТІҢ КӨШЕЛЕРІ 100% ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

AdiletTV

АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ: ҚАРЖЫЛАНДЫРУ, ЦИФРЛАНДЫРУ, ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ЭКСПОРТ

AdiletTV

Түркістан облысы: адам папиллома вирусы

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз