Ол заң жобасында президенттің өкілеттік мерзімі нақты белгіленгенін атап өтті.
Айтуынша, бұл халық алдындағы әділеттілік пен жауапкершіліктің негізгі қағидатын көрсетеді.
“Конституция жобасының 43-бабының 1-тармағында президенттің жеті жыл мерзімге бір рет сайланатыны көрсетілген. Бұл – биліктің монополиялануына жол бермейтін айқын норма. Өздеріңіз білетіндей, бұл норма 22 жылға созылған реформалар кезеңінен кейін енгізілді. Бұл сондай-ақ жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарының көрінісі”, – деді депутат. Сондай-ақ ол бұл шектеудің бір адамның “мәңгілік билік” ету мүмкіндігін толықтай жоққа шығаратынын атап өтті.
