13.3 C
Shymkent
5 февраля, 2026
adilettv

АҚТАУДА ІШ КИІМ ҰРЛАҒАН ЕР АДАМ: ФЕТИШПЕН БАЙЛАНЫСТЫ БОЛУЫ МҮМКІН БЕ?

Әлеуметтік желіде Ақтау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде түсірілген бейнежазба тарады. Видеода белгісіз ер адамның кіреберісте кептіріліп тұрған іш киімді ұрлап кеткені көрінеді.
Кадрларда ер адам киім ілгішке жақындап, ілулі тұрған іш киімді тез арада шешіп алып, оқиға орнынан кетіп қалғаны байқалады. Оның бұл әрекетке қандай мақсатпен барғаны әзірге белгісіз.
Оқиға желі қолданушылары арасында қызу талқылануда. Кейбірі әзілге айналдырса, енді бірі мұндай жағдайлар құқық қорғау органдарының назарын қажет етеді деп есептейді.
Желіде жазылған пікірлер арасында: «Енді кір жуып, киімімізді кептіре алмайтын болдық па?», «Бәлкім, әйеліне апарып беріп жатқан шығар», «Токионы қуып жеттік», – деген сарындағы жазбалар бар.
Мамандардың айтуынша, пайдаланылған іш киімге деген қызығушылық жыныстық фетиштермен, оны ұрлау фактісі клептофетишпен байланысты болуы мүмкін. Мұндай құбылыстың ең танымал мысалы – Жапония. 1980-1990 жылдары бұл елде «бурусера» деп аталған әлеуметтік феномен кең тараған. Сол кезеңде елде қолданылған әйелдер іш киімін сататын дүкендер мен арнайы автоматтар пайда болып, кейін бұл құбылыс көлеңкелі нарықтың бір бөлігіне айналған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

AdiletTV

В РАЙОНАХ ӘЛ-ФАРАБИ И АБАЙ БУДУТ РЕАЛИЗОВАНЫ РАБОТЫ ПО ФОРМИРОВАНИЮ ПРАЗДНИЧНОГО НОВОГОДНЕГО ОБЛИКА

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық орталық ауруханасында қатерлі ісіктің себеп-салдары түсіндірілді.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз