15.3 C
Shymkent
5 февраля, 2026
adilettv

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖҮК КӨЛІКТЕРІН ЗАҢСЫЗ ТІРКЕУ СХЕМАСЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ СОТТАЛДЫ

Талдықорғанда бастапқы алым төленді деген жалған деректер енгізу арқылы 1385 жүк көлігін заңсыз тіркеудің көпжылдық схемасына қатысы бар ұйымдасқан топтың 21 қатысушысына айыптау үкімі шығарылды.
Талдықорған ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушыларына үкім шығарылды. Айыпталушылар орындығында – 21 адам. Олар 2020-2023 жылдары елге әкелінген жүк көліктерін заңсыз заңдастырумен айналысқан. Бірыңғай ақпараттық жүйеге бастапқы тіркеу алымының төленуі туралы жалған мәліметтер енгізген. Жалпы саны 1385 көлік заңсыз есепке қойылған.
Тергеу мәліметіне сәйкес: олардың 904-і Қарасай ауданы, 481-і Жетісу облысы арнайы ХҚКО-нда рәсімделген. Алматы облысы мен Жетісу өңірінің арнайы ХҚКО-лары мен әкімшілік полициясының бұрынғы қызметкерлері мемлекетке 9 млрд-тан астам шығын келтірген.
«Жалпы шығын Қарасай ауданы бойынша 5 млрд 600 млн құрады, ал Жетісу облысы, Сарқан ауданы бойынша келтірілген шығын 3 млрд 787 млн болды. Айыпталушыларға 2 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, олар оны шағымдануға құқылы», – деп хабарлады Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Бақыт Ермаханов.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Город Шымкент: на опорном пункте №40 Енбекшинского районного управления полиции количество лиц, поставленных на профилактический учет в объеме 10 месяцев 45.

AdiletTV

Шымкентте «Global Tech Wave Central Asia» атты Орталық Азияның алғашқы жаһандық цифрлық конференциясы өтті

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕГІ ҚАНДЫ ТӨБЕЛЕС: ТАҒЫ 3 КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз