adilettv

АҚТАС ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ 200-ГЕ ЖУЫҚ ЕРІКТІ ЖАС ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Шымкент қаласында “Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында ұйымдастырылған тазалық күні жалғасын тапты. Қала жастары Тұран ауданына қарасты Ақтас елді мекеніне барып, ауқымды тазалық жұмыстарын жүргізді. Мұнда ерікті жастар Тұран ауданының әкімдігімен бірлесіп, қыр-сай мен ашық аумақтарды қоқыстан тазарту жұмыстарына кірісті. Аудан әкімдігі тарапынан тазалыққа қажетті қаптар мен қолғаптар таратылып, арнайы техникалар жұмылдырылды. Нәтижесінде қысқа уақыт ішінде елді мекен маңы едәуір тазарып қалды.
Айта кетейік, Ақтас аумағы – қыс мезгілінде қала тұрғындары жиі келіп, сырғанақ тебетін демалыс орындарының бірі. Алайда көп жағдайда демалушылар артынан қоқыс қалдырып кетеді. Бүгінгі акция сол олқылықтың орнын толтырумен қатар, тұрғындарға ой салуды мақсат етті.
– Тазалық әр отбасынан басталады. Қаламызда осы бағытта “Таза Шым” жобасы жүзеге асырылып жатыр. Оған қала жастары, ерікті жастар белсенді түрде атсалысып келеді. Бүгінгі жиынға жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, жастарға тартымды форматта флешмоб ұйымдастырдық. “Таза Қазақстан” – бұл тек қоқыс жинау ғана емес, жастарды біріктіретін, ортақ іске жетелейтін, рухани дамуы мен ілгерілеуіне үлес қосатын үлкен жоба деп қабылдаймыз. Бүгін 200-ге жуық ерікті жас осы мақсат жолында еңбек етіп жатыр, – деді іс-шараның маңызына тоқталған Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының басшысы Жансерік Жұман.
Шара соңында қатысушылар тазалықты сақтау бір күндік науқан емес, күнделікті дағды болуы тиіс екенін атап өтті. Жастардың бірлігімен өткен бұл бастама Шымкенттің тазалығына ғана емес, қоғамның экологиялық санасының қалыптасуына да өз үлесін қосты.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Жол қауіпсіздігіне арналған “Кибер-шериф” құрылғысы Шымкент қаласы бойынша 5 бағытта қызмет атқарады.

AdiletTV

2025 ЖЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЛАРЫ 62,8 МЫҢ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАДЫ

AdiletTV

АСА ІРІ КӨЛЕМДЕ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІ САТҚАН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз