adilettv

ЖҮРГІЗУШІНІҢ ЖҮРЕК ТАЛМАСЫНАН БЕС КӨЛІК СОҚТЫҒЫСҚАН

Алматыда көлік жүргізушісінің жүрек талмасы ұстап, жаппай жол апатына себеп болды. Оның көлігі жоғары жылдамдықпен келе жатып төрт жеңіл автокөлік пен жолаушылар отырған автобусты соқты. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
Көлік аялдаманың жанынан өтіп барып, соқтығысқан.
“Жүргізушінің денсаулығы күрт нашарлап, бір бағытта келе жатқан бес көлікпен соқтығысқан. Алдын ала деректерге және дәрігерлердің қорытындысына сәйкес, өлім жедел жүрек жеткіліксіздігінен болған. Басқа зардап шеккендер жоқ”, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Куәгерлердің айтуынша, көлік бірінші жеңіл автомобильдің біріне соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық басқа көлік тротуарға ұшып кеткен. Алайда марқұм жүргізушінің көлігі онымен тоқтамай, жолындағы көліктерге соқтыққан. Оладың ең соңғысы – автобус болды. Соққы салдарынан басқарусыз қалған көлік аялдамаға қарай ығысқанымен, биік бордюрге тіреліп, тоқтаған.
Марқұмның жасы 50-де. Ол дәрігерлер келгенге дейін көз жұмған. Басқа зардап шеккендер жоқ. Қазір полиция аталған дерек бойынша тергеу жұмыстарын бастады

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

AdiletTV

31 қазан күні Шымкент қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық акциясы өтеді!

AdiletTV

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА САРБАЗ ҚАРАУЫЛ КЕЗІНДЕ ӨЗІН АТЫП ЖІБЕРГЕН

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз