adilettv

ШЫМКЕНТТЕ ӨЗЕН ЖАҒАСЫНА ҚОҚЫС ТАСТАҒАН АЗАМАТ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Шымкент қаласында қоғамдық тәртіпті қадағалау мен тазалық сақтау бағытындағы жұмыс жалғасуда. Еңбекші аудандық әкімдік пен полиция басқармасының мамандары Қарабастау тұрғын алабындағы Бадам өзенінің жағалауына жүк көлігімен құрылыс қалдығын төгу фактісін анықтады.
Жедел іздестірудің нәтижесінде заң бұзған азамат анықталып, оған қатысты тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылды. Құқық бұзған азамат, сонымен қатар, қалдырған қалдықты өзі тазалады.
Қазіргі таңда әкімдік мамандары мен полиция қызметкерлері құрылыс қалдығын және тұрмыстық қоқысты рұқсатсыз төгудің алдын алу мақсатында кәсіпкерлік нысандардың иелері мен тұрғындар арасында күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Осыған орай қала аумағына қоқыс немесе құрылыс қалдығын рұқсат етілмеген жерге төккен тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.
Қаланың тазалығын сақтау – әр тұрғынның азаматтық борышы!

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық орталық ауруханасында «Жүрегіңді әрекет ету үшін пайдалан!» атты ұлттық бағдарламасы бойынша іс-шаралар өткізілді

AdiletTV

Шымкент қаласы: Абай АПБ “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн”

AdiletTV

Шымкент тәжірибесі: Тұтынушының құқығы қалай қорғалуда?

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз