adilettv

«АЛМАТЫ-МАҢҒЫСТАУ» ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫ ТЕМІРЖОЛШЫНЫ ҚАҒЫП ӨЛТІРДІ

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Арыс – Түркістан учаскесіндегі Қостүйін станциясында жолаушылар пойызы адамды қағып кетіп, салдарынан ол көз жұмған.
«2026 жылғы 2 қаңтарда сағат 16:10-да Арыс – Түркістан учаскесінің Қостүйін станциясында №77 «Алматы – Маңғыстау» жолаушылар пойызының машинисі 78 км/сағ жылдамдықпен келе жатып, шұғыл тежеуді қолданғанына қарамастан, адамды қағып кетті, зардап шегуші алған жарақаттарынан қайтыс болды», – делінген хабарламада.
Қаза тапқан адам «Әскерилендірілген теміржол күзеті» (ВЖДО) қызметкері болған. Оқиға туралы Түркістан станциясындағы желілік полиция бөліміне хабарланды. Қазіргі уақытта арнайы комиссия тергеу жүргізіп жатыр.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

AdiletTV

Шымкент қаласы: Абай АПБ қоршаған ортаны ластап айналасына құрмет танытпаған 87-азаматқа әкімшілік құқық бұзушылық бабымен хаттама толтырылды.

AdiletTV

ЖЕКЕМЕНШІК КЛИНИКА БАСШЫСЫ МӘМС ҚАРАЖАТЫН ЖЫМҚЫРЫП, ИСПАНИЯДАН ҮЙ АЛҒАН

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз