adilettv

ЕЛІМІЗДІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіру бойынша басқосу өтті. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып, мәні зор құжаттағы негізгі басым бағыттарды түсіндіріп берді.
Кездесуде қала әкімінің орынбасары ұсынылып отырған жаңа Ата заң жобасында елімізде адам капиталы, білім, ғылым және инновацияны дамыту мемлекеттік саясаттың негізгі стратегиялық бағыты ретінде айқындалғанын атап өтті. Бұл бағыттар Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, жастардың әлеуетін толық іске асыруға және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға негіз болмақ.
Сонымен қатар, жаңа Конституция жобасының Преамбуласына ерекше мән беріліп, онда елдің тарихи жолы, тәуелсіздік құндылықтары көрініс тапқан.
Жиын барысында С.Құранбек қолданыстағы Конституцияның еліміздің қалыптасуы мен дамуы кезеңінде өз миссиясын толық орындағаны, ал жаңа кезеңде заман талаптарына сай жаңартылған құқықтық негіз қажет екенін айтты.
Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, ел болашағына қатысты белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға ықпал етеді. Сәрсен Абайұлы сөзін қорытындылай келе, жастарды елін, жерін сүйетін патриот болуға шақырды. Сондай-ақ, іс-шарада оқу орнының ұстаздары да өз ойларын ортаға салды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Обеспечим безопасное и надежное использование мирного атома – атомщики Казахстана обратились к казахстанцам

AdiletTV

“Біз – Мәңгілік ел ұландарымыз” атты әскери-патриоттық сайыс өтті

AdiletTV

ТАРАЗДА БАЛАСЫН ҰРҒАН ӘЙЕЛДІҢ КҮЙЕУІ БАЛАЛАРДЫ ҚАМҚОРЫНА АЛУҒА ТЫРЫСЫП ЖҮР

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз