adilettv

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ПӘКІСТАНМЕН БІРЛЕСКЕН 20 МИЛЛИОН ДОЛЛАРЛЫҚ ЗАУЫТ САЛЫНБАҚ

Тоқаевтың Пәкістанға жасаған сапарының қорытындысы бойынша қазақстандық KazFoodProducts компаниясы пәкістандық Almoiz Group компаниясымен бірлесіп, Жетісу облысында қант зауытын салу туралы келісім жасасты.
Kazakh Invest ұлттық компаниясының мәліметінше, жобаға 20 миллион доллар көлемінде инвестиция жасалмақ.
“Өнеркәсіп саласында KazFoodProducts пен Almoiz Group арасында Жетісу облысында қант өндіретін бірлескен кәсіпорын құру туралы 20 миллион доллар инвестиция көлеміндегі келісім жасалды”, – делінген ресми хабарламада.
Қазақстан мен Пәкістан ұлттық LLM әзірлеу бойынша ортақ жобаны іске қосады
Тоқаев Қазақстан мен Пәкістанның Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына мүше елдер екенін атап өтіп, қант зауыты бойынша жасалған келісімге ерекше тоқталды.
“Пәкістандық әріптестеріміздің аталған сектордағы тәжірибесін бөлісіп, капитал құймақ ниетін құптаймыз. Жетісу облысында қант қызылшасын өңдеу зауытын іске қосу туралы Almoiz Group компаниясымен жасалған келісім – осы ынтымақтастықтың маңызды бастамасы”, – деді Тоқаев.
Айта кетейік, Қазақстандағы ең ірі агрохолдингтердің бірі “KazFoodProducts” компаниясы кәсіпкер Ерлан Баймұратовқа тиесілі. Сондай-ақ кәсіпкерге “Баян Сұлу” кондитерлік фабрикасы мен “AsiaAgroFood” компаниясындағы бақылаушы үлестер тиесілі. Ерлан Баймұратов Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең бай 75 адамның тізімінде 68-орында, оның байлығы 108 миллион доллар деп бағаланған.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барып, 1 миллиард долларлық келісім жасағаны туралы жазған едік.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

город Шымкент: правозащитники и волонтеры объединились в борьбе с наркопреступностью.

AdiletTV

Шымкент қаласы: полиция үш есірткі қоюшыны ұстады

AdiletTV

Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі бес жыл бойы студенттердің стипендиясын заңсыз иемденген.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз