Семейде қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды.
3 ақпанда Әуезов полиция бөлімінің кезекші бөліміне қоқыс жәшігінде сүлгімен оралған жаңа туған нәрестенің денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жеткен.
«Іс-шаралар барысында үйде босанған 20 жастағы қыз анықталды. Оның айтуынша, бала өлі туған. Сотқа дейінгі тергеу барысында баланың денесін контейнерде қалдырған қала тұрғыны анықталды», — дейді полиция.
Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полицейлердің айтуынша, нәрестенің мәйіті сараптамаға жіберіледі, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады және болған оқиғаға қатысушылардың екеуінің де әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.
