adilettv

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МӘРТЕБЕСІ КҮШЕЙТІЛДІ – ЖАҢА АТА ЗАҢДАҒЫ 9-БАП ӨЗГЕРДІ

Қазақстан Конституциясының жаңартылған жобасында тіл мәселесіне қатысты бапқа түзету енгізу көзделіп отыр. Атап айтқанда, мемлекеттік тілге арналған 9-баптың бірінші тармағы сол күйі қалады, ал орыс тілі туралы екінші тармақтағы «тең» сөзі «қатар» ұғымымен алмастырылмақ.
Бұл туралы Конституциялық комиссия отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов хабарлады. Оның айтуынша, жаңа редакцияда екінші тармақ мынадай түрде тұжырымдалады:
«Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қатар қолданылады».
Ал қолданыстағы Конституцияда бұл нормада орыс тілі «қазақ тілімен тең қолданылады» деп көрсетілген.
Конституциялық реформаны талқылау кезінде дәл осы тұжырым қоғамда кең пікірталас тудырған болатын. Тіл жанашырлары, азаматтық белсенділер мен саясаткерлер орыс тіліне қатысты тармақты алып тастауды немесе мазмұнын қайта қарауды ұсынды. Олардың пайымынша, «тең» сөзі мемлекеттік тілдің айрықша мәртебесін нақтылауға кедергі келтіреді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

35 млн теңгеден астам ақша ұрлаған: Астанада бес балабақша меңгерушісі сотталды

AdiletTV

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ЖАЙЛЫ ОРТАНЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 11 АЙДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАР МЕН ЖЕТІСТІКТЕР ЖӘНЕ АЛДАҒЫ ЖОСПАРЛАР ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

AdiletTV

ҚАЗАҚСТАНДА 31 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫН ИПОТЕКА ПАЙЫЗЫН ТӨЛЕУГЕ ҚОЛДАНУҒА БОЛМАЙДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз