adilettv

МЕДИА ҚАУЫМДАСТЫҚ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ҚОЛДАЙДЫ

Қазақстанда жаңа Конституция жобасы кең қоғамдық талқылау кезеңінде. Осыған байланысты Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Бас редакторлар клубының ұйымдастыруымен «Конституциялық реформа – 2026: сөз бостандығы, ақпарат үшін жауапкершілік және жеке деректерді қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Іс-шараға жетекші БАҚ басшылары, медиа сарапшылар мен ардагер журналистер қатысып, конституциялық өзгерістердің сөз бостандығын нығайтуға, ақпараттық жауапкершілікті арттыруға және жеке деректерді қорғау тетіктерін жетілдіруге ықпалын талқылады. Жиынды Сенат депутаты, Бас редакторлар клубының төрағасы Бибігүл Жексенбай жүргізіп, жаңа Конституция жобасының демократиялық үдерістерді дамытудағы маңызын атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында 2026 жылғы конституциялық реформаның негізгі бағыттары жан-жақты талқыланды. Қатысушылар сөз бостандығының қазіргі мазмұны, ақпарат таратудағы жауапкершілік, жала мен ар-намыс мәселелеріне тоқталып, адам құқықтарын қорғау және цифрлық кеңістіктегі жаңа қауіп-қатерлерге құқықтық тұрғыда жауап беру қажеттігін атап өтті. Іс-шараға Алматы қаласы мен облысы, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Атырау, Шымкент өңірлерінен онлайн қосылған журналистер мен медиа басшылар да қатысып, өз ұсыныстарын білдірді. Қабылданған резолюцияда сөз бостандығы мен ақпараттық жауапкершілік, азаматтардың ар-намысы, қадір-қасиеті және іскерлік беделі арасындағы құқықтық тепе-теңдік конституциялық деңгейде нақты айқындалуы тиіс екені көрсетілді. Сондай-ақ жалған ақпарат пен жалаға қатысты жауапкершілік нормалары әділ әрі теңгерімді болып, журналистік зерттеулер мен қоғамдық маңызы бар сынға кедергі келтірмеуі қажет деген ортақ ұстаным айтылды. Қатысушылар жеке өмірге қол сұқпаушылық пен адам қадір-қасиетін қорғау ақпараттық-цифрлық дәуірдің басты құндылықтарының бірі ретінде халықаралық стандарттарға сай нақтылануы керек екенін атап өтті.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

AdiletTV

ПОЛИЦЕЙЛЕР ІРІ КӨЛЕМДЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ТЕМЕКІ ӨНІМДЕРІН ТӘРКІЛЕДІ

AdiletTV

Мемлекет басшысының тапсырмалары және Шымкент қаласын дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттер

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз