adilettv

ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛДАМАЛЫ ПӘТЕРДЕН БІР ОТБАСЫНЫҢ 3 АДАМЫ ӨЛІ КҮЙІНДЕ ТАБЫЛДЫ

Алдын ала мәлімет өлімнің себебі көмірқышқыл газымен улану екенін көрсетіп отыр.
Шымкентте жалдамалы пәтерден бір отбасының 3 адамы өлі күйінде табылды. Оқиға салдарынан анасы, оның ұлы және әжесі көз жұмған.
Қайғылы жағдайды алғаш көршілері байқаған. Үй тұрғындары пәтер иелеріне хабарласуға бірнеше рет тырысқанымен, ешкім жауап бермеген. Осыдан кейін олар құтқару қызметін шақырған.
Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, «112» пультіне хабарлама 8 ақпан күні сағат 16:36-да түскен.
– «Күншығыс» шағынауданында пәтер иелері ұзақ уақыт бойы есік ашпай жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағы жіберілді, – деп нақтылады қалалық ТЖД өкілдері.
Белгілі болғандай, пәтерден үш адамның мәйіті табылған.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тиісті қызмет өкілдері жұмыс жүргізіп жатыр.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ТЕАТРЫ САХНАСЫНДА «АНТИГОНА» ТРАГЕДИЯСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІН АБАТТАНДЫРУ ЖОБАСЫ ЖАҢА ҚАРҚЫНМЕН ЖҮЗЕГЕ АСУДА

AdiletTV

«САПАЛЫ БІЛІМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ГРАНТТАР ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз