adilettv

ПРЕЗИДЕНТ: «АЙМАҚТАРДАҒЫ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУДЫ САПАЛЫ ЖҮРГІЗУГЕ БАСА МӘН БЕРУ ҚАЖЕТ.

Өздеріңізге мәлім, соңғы жылдары аймақтардың кіріс қоры айтарлықтай артты, бірқатар салық пен төлем түрлері республикалық деңгейден аймаққа берілді. Соның салдарынан жеткілікті қаржы бөлмей, жергілікті бюджетке қосымша шығындарды артып қою жағдайлары жиілеп кетті. Мұндай тәжірибе бюджетаралық қатынастардың қисынына қайшы әрі қабылданып жатқан шешімдерге сенімді жоғалтады.
Сондықтан жергілікті атқарушы органдарға берілетін қаржы ресурстары мен олардың міндеттемелері бір-бірімен мөлшерлес болуын ескеру өте маңызды.
Қазақстан – бір орталықтан басқарылатын унитарлы, біртұтас ел. Сол себепті еліміздің әлеуетін нығайтуды, халқымыздың әл-ауқатын арттыруды басты мақсат етіп, ақыл-парасатпен, бір қолдың саласындай жұмылып жұмыс істеу қажет.
Жаңа Бюджет кодексінде бюджетаралық қатынастар нақтылық және барлық бюджет деңгейіндегі жауапкершілік тұрғысынан қайта қаралды. Енді осы нормалар өңірлерде іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін байқап көру керек. Егер қолданыстағы құралдар тиімсіз екенін көрсетсе, оны түзету қажет. Бұл жерде ешқандай күмән жоқ. Шешімді тез әрі батыл қабылдау қажет.
Жаңа ережелер өңірлердің қаржылық дербестігіне тұсау болмауға тиіс. Ең бастысы, олардың кіріс көздерін ұлғайтуға деген ынта-жігеріне кері әсер етпеуі керек.
Үкімет аймақтардың қаржылық орнықтылығын нығайту шараларын қабылдауға міндетті. Бұл – стратегиялық сипаты бар мақсат. Басқарудың түрлі деңгейі арасындағы жауапкершілікке салғырт қарауға болмайды».

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

AdiletTV

Шымкент қаласы: құмар ойындарының зияны және отбасы құндылықтарын дәріптеу

AdiletTV

Шымкент қаласында жаңа өндіріс орындары іске қосылды

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз