-0.7 C
Shymkent
11 февраля, 2026
adilettv

ОЛИМПИАДА-2026: МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУШЫ МИХАИЛ ШАЙДОРОВ ҚЫСҚА БАҒДАРЛАМАДА БЕСІНШІ ОРЫН АЛДЫ

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында өнер көрсетуді бастады.
Отандасымыз ерлер арасында жекелей сырғанауда қысқа бағдарламамен өнер көрсетті.
Мәнерлеп сырғанаушы төрешілердің шешімімен 92.94 ұпай жинап, нәтижесінде 5-орынға тұрақтады.
АҚШ өкілі Илья Малинин 108.16 ұпаймен көш бастады. Екінші орынды жапониялық Юга Кагияма (103.07 ұпай) иеленсе, үшінші аралық орынға 102.55 ұпаймен  франциялық Адам Сяо Хим Фа тұрақтады.
Айта кетейік, еркін бағдарлама 13 ақпанда өтеді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

г. Шымкент: «ЛУДОМАНИЯ — СОЦИАЛЬНАЯ БОЛЕЗНЬ»

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ БОЙЫНША КЕҢЕЙТІЛГЕН ЖИЫН ӨТТІ

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦИЯ ЕСІРТКІ АРНАСЫН ЖОЙДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз