-0.7 C
Shymkent
11 февраля, 2026
adilettv

ШЫМКЕНТТЕ КӨШЕ АТАУЛАРЫН ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласының аумағындағы көше атауларын жаңарту және тиісті тақтайшалар орнату жұмысы биыл да жалғасады.
Жоспар бойынша 2026 жылы мегаполисте 41 мыңнан астам тақтайша орнатылмақ. Тиісті жұмыс мыңға жуық көшені қамтитын болады. Осылайша қазіргі таңда атауы бекітілмеген және өзгертілетін көшелерді есептемегенде нақты 922 көшеге атауы жазылған тақтайшалар ілінеді.
Жалпы, бүгінде Шымкенттің бес ауданында 4 мыңнан астам көше, өткел және тұйық көше бар.
Айта кетсек, 2025 жылы қала бойынша 45 мыңнан астам атаулы тақтайша орнатылды. Осылайша мыңға жуық көшенің атауы ретке келтірілген.
Сонымен қатар, тиісті комиссияның қарауына 200-ден астам көшеге атау беру бойынша ұсыныс берілді. Бұл бағытта жергілікті тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлері назарға алынып, мақсатты жұмыс тиісті талаптарға сай атқарылады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ӨНДІРІС ПЕН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІНІҢ ӨСУІ БАЙҚАЛУДА

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында «Баланың дамуын бақылау» атты аналарға үнпарақтар таратты.

AdiletTV

«ПОКАЖИ МНЕ СВОЮ КОНСТИТУЦИЮ – И Я СКАЖУ, В КАКОЙ СТРАНЕ ТЫ ЖИВЁШЬ»

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз