-0.7 C
Shymkent
11 февраля, 2026
adilettv

DIGITAL QAZAQSTAN ФОРУМЫ АЛҒАШ РЕТ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӨТЕДІ

Қазақстандағы практикалық цифрлық және AI-трансформацияға бағытталған ұлттық технологиялық форум биыл алғаш рет Шымкент қаласында өтеді.
Өңірлерді біртұтас цифрлық күн тәртібіне жұмылдырып, нақты секторға, мемлекеттік басқару мен әлеуметтік салаға технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізуге жағдай жасайтын форумның биылғы орталығы ретінде индустриялық және экономикалық әлеуеті зор Шымкент қаласы таңдалып отыр.
Сонымен, 2026 жылғы 27 наурыз күні Digital Qazaqstan форумы – Шымкентте!
Форум өнеркәсіпте, мемлекеттік басқаруда және өңірлік экономиканы дамытуда қолданылатын цифрлық және AI-шешімдерге басымдық береді.
Бағдарламада:
– пленарлық отырыс
– панельдік сессиялар мен дөңгелек үстелдер
– IT-компаниялар мен стартаптар көрмесі
– технологиялық байқаулар мен хакатондар
– цифрлық трансформация саласындағы ұлттық жүлде – Digital Qazaqstan Awards.
@digital_qazaqstan қатарына еніп, еліміздің цифрлық болашағын құруға үлес қосыңыз!

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: полицейлер жасөспірімдермен Буллинг пен нашақорлықтын алдын алу бойынша іс-қимыл жөніндегі профилактикалық кездесу өткізді

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

AdiletTV

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАСТАР АРАСЫНДА “КҮЗГІ КРОСС” ӨТТІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз