-0.7 C
Shymkent
11 февраля, 2026
adilettv

АЛМАТЫДА КОЛЛЕДЖДЕ ОҚЫТУШЫ СТУДЕНТТІҢ БАСЫНА НЫСАНА ҚОЙЫП, ОҚ АТҚАН

Желіде Алматыдағы колледжде оқытушының студенттің басына нысана қойып, оқ атқан видеосы тарады.
Бұл видео желіде қызу талқыға түсті. Кадрдан студент басының үстінде нысананы ұстап тұрғанын, ал оқытушы оған мылтықпен көздеп оқ атпақ болғанын көруге болады. 
Желідегі тараған ақпаратта оқиғаның Алматы сәулет, дизайн және инженерия колледжінде, алғашқы әскери дайындық сабағы барысында болғаны айтылған.
«Сабақ барысында оқытушы студенттерді мылтықтың нысанасында тұруға мәжбүрлеген. Мұндай әрекеттер оқу үдерісіндегі қауіпсіздік талаптары мен педагогикалық этиканы өрескел бұзу болып есептеледі», – дейді видео авторы.
Колледж басшылығы ақпаратты растап, жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады.
«Алматы сәулет, дизайн және инженерия колледжінде сабаққа қатысы жоқ оқиға орын алды. Оқытушының топпен бейресми қарым-қатынасы барысында штаттық оқ-дәрілер қолданылмай, жұмсақ затты (мақта) пайдалану арқылы пневматикалық мылтықтан оқ атылған, ешкімге зиян келтірілмеген. Аталған әрекеттер оқыту әдісі де, жазалау түрі де емес. Колледж әкімшілігі педагогикалық этика мен қауіпсіздік техникасы талаптарының бұзылғанын мойындайды», – делінген хабарламада.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЙНАРБҰЛАҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

AdiletTV

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АУЫЛДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ТОҚТАЛДЫ

AdiletTV

БИЫЛ ОБЛЫСҚА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАР КӨЛЕМІ 543,5 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫНА ЖЕТТІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз