-1.7 C
Shymkent
11 февраля, 2026
adilettv

ТОҚАЕВТЫҢ СЫНЫНА ҰШЫРАҒАН ОТАНДЫҚ ЖИ KAZLLM «АБАЙ ЖОЛЫН» АБАЙ ЖАЗДЫ ДЕП ЖАУАП БЕРДІ

Тоқаевтың сынына ұшыраған отандық ЖИ KazLLM «Абай жолын» Абай жазды деп жауап берді
Жаслан Мәдиев KazLLM-ді 600 мыңнан астам адам пайдаланатынын, ал ChatGPT-ді Қазақстан халқының 13%-ы, Aitu мессенджерін 700 мыңнан астам қазақстандық қолданатынын айтты.
Дегенмен президент бұл деректі тексеру керек екенін ескертті. «Көрейік. Мұны тексеру керек», – деді Тоқаев.
Желі қолданушылары да ЖИ министрінің сөзіне күмән келтірді. Олар KazLLM-нің сайтын тапқанымен, ЖИ-ді қолдана алмағанын айтып отыр.
ChatGPT мен Gemini «Абай жолы» романын Абай жазған ба?» деген сұраққа дұрыс, яғни «Жоқ, «Абай жолын» Мұхтар Әуезов жазған» деп жауап берген.
Ал ISSAI KazLLM бұл сұраққа қате, яғни «Абай жолын» Абай жазған» деп жауап беріп, соңынан Абайдың портреттерін ұсынған.
KazLLM-нің өнімі Oylan 3.0 орысша мәтінді қазақшаға аудара алмады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ СТЕНД АТУ БОЙЫНША VI ЖАСТАР ОЙЫНДАРЫНДА КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ I-ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ!

AdiletTV

ӘСКЕРИЛЕР ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢГЕ ТОЛЫҚ ДАЙЫН ЕКЕНІН ДӘЛЕЛДЕДІ

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ 200-ДЕН АСА ОТБАСЫҒА ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Пікір қалдырыңыз