adilettv

ҚОЖАМЖАРОВТЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСІ БОЙЫНША МӘРТЕБЕСІ ӘЛІ АНЫҚ ЕМЕС

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің экс-төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу жұмыстарының барысы туралы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ол қылмыстық істің тергеліп жатқанын, алайда Қожамжаровтың процессуалдық мәртебесі әзірге анықталмағанын мәлімдеді.

«Қалғанының бәрі тергеу қорытындысы бойынша шешіледі», — деді бас прокурордың орынбасары Мәжілістегі брифингте.

Айта кетейік, Қожамжаров – бұрынғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы, Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін басқарған. Қаржы полициясының генерал-майоры. Әр жылдары Ақмола облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметтерін атқарған.

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Қожамжаров елден шығып кеткен және қазіргі уақытта Мәскеуде жүргені хабарланды. Оның кетуі тергеудің қызған шағына дәл келіп, қоғамда үлкен пікірталас тудырды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Работа предприятий, обладающих брендом «Made in Shymkent»!

AdiletTV

АППАРАТ БАСШЫСЫ БІРҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

AdiletTV

ШЫМКЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз