adilettv

СЫЙЛЫҚ АЛАМЫН ДЕП САН СОҒЫП ҚАЛМАҢЫЗ: ІІМ АЗАМАТТАРДЫ АЛАЯҚТАН САҚ БОЛУҒА ШАҚЫРАДЫ

Ғашықтар күні қарсаңында көпшілік сүйіктісіне ерекше сыйлық дайындауға асығады. Мереке қарсаңында жеңілдіктер мен жаппай сатылымдар туралы ақпарат көбейеді. Алайда мерекелік қарбаласты интернет-алаяқтар да өз пайдасына жаратып, жалған сайттар ашып, әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды алдауға тырысады.

⚠️
Романтикалық тосынсый қаржылық шығынға немесе көңіл күйдің бұзылуына айналмас үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды.

👮‍♂️ ІІМ келесі ережелерді қатаң ұстануға кеңес береді:

🛒 тауарды тек сенімді, тексерілген сайттар мен ресми маркетплейстер арқылы сатып алыңыз;

🔗 әлеуметтік желілердегі немесе мессенджерлердегі күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;

💸 шектен тыс төмен баға ұсынылса, абай болыңыз — бұл алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін;

📦 сатушыдан тауардың нақты бар екенін растауды сұраңыз;

📱 бейнеқоңырау арқылы тауарды, сондай-ақ дүкеннің нақты мекенжайын көрсетуді өтініңіз. Алаяқтар көбіне мұндай талаптан жалтарып, оның орнына геолокация немесе өңделген фото жібереді;

💳 төлем жасау кезінде сақ болыңыз: ақшаны жеке шоттарға немесе күмәнді төлем жүйелеріне аудармаңыз;

🔒 жеке деректеріңізді қорғаңыз. Бөгде адамдарға ешқашан парольдерді, SMS-кодтарды, CVV-кодты және банк картасының толық мәліметін бермеңіз.

✨ Мереке тек қуаныш сыйласын. Сақ болыңыз және алаяқтардың құрбанына айналмаңыз.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: 300-ДЕН АСА ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ

285 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСЫНАН АЙЫРЫЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МӘСҚ-ТЕН ТӨЛЕМ АЛДЫ

AdiletTV

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҮШ БІРДЕЙ ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК ПУНКТ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз