adilettv

МИХАИЛ ШАЙДОРОВ – ОЛИМПИАДА АЛТЫНЫНЫҢ ИЕГЕРІ

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италиядағы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алып, ел абыройын асқақтатты.
Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша бесінші орында тұрған Михаил Шайдоров жүлдеге қол жеткізу үшін қарсыластарынан 9,6 ұпайға басым түсуі тиіс болатын. Ол жалпы бағдарламаны өте жоғары деңгейде орындап шықты.
Нәтижесінде Михаил Шайдоров жалпы 291,58 ұпай жинап, өзінің жеке рекордын жаңартты.
Михаил Шайдоровтың бұл жеңісі – Қазақстанның мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылғы қысқы Олимпиададан кейінгі алғашқы медалі болып отыр. Ол кезде Денис Тен мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиаданың қола жүлдесін иеленген болатын.
Айта кетейік, Милан Олимпиадасында Қазақстан атынан мәнерлеп сырғанаудан Софья Самоделкина да өнер көрсетеді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

СОЛТҮСТІК ӨҢІРГЕ ШЫМКЕНТТІҢ ІСКЕР ХАЛҚЫ ҚАЖЕТ

AdiletTV

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ

AdiletTV

Опыт Шымкента: как защищаются права потребителей?

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз