adilettv

233 ТҮП ЕСІРТКІ ҮШІН ЖЕТІ ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Ол өсірген зиянды шөптің жалпы салмағы 49 келі болған
Еңбекшіқазақта 233 түп есірткі еккен азамат жеті жылға сотталды.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының №2 аудандық соты шаруа қожалықтың аумағына есірткі еккен азамат жеті жылға сотталды.
Соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, полиция шаруа қожалықтың аумағынан жалпы салмағы 49 келі каннабис табылған.
«Сот анықтағандай, 2025 жылдың көктемінде сотталған азамат Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы аумағында орналасқан шаруа қожалығының аумағына каннабис тектес өсімдіктерді заңсыз еккен. Полиция қызметкерлері жүргізген тергеу әрекеттері барысында құрамында есірткі заттары бар 233 түп өсімдік тәркіленді. Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, алынған өсімдіктер жалпы салмағы 49 килограмнан асатын каннабис еекені анықталды, ал бұл аса ірі мөлшерге жатады», — деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді.
«Жасалған қылмыстың қоғамға келетін зияны мен дәрежесін, сотталушының жекебасын, сондай-ақ жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот оған орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу үшін 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», — деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ: БОЛАШАҚҚА ЖАҢА ҚАДАММЕН

AdiletTV

ШЕТЕЛДІКТЕР ЖАҢА ТУҒАН СӘБИЛЕРДІ ҚАЗАҚСТАННАН АЛЫП КЕТПЕК БОЛҒАН

AdiletTV

ПРОФЕССОР ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ БЕРІЛДІ!

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз