adilettv

КҮДІКТІНІҢ АНАСЫ ҰЛЫН ПОЛИЦИЯҒА БЕРІЛУГЕ ШАҚЫРДЫ

Атырау облысында із-түзсіз жоғалып, кейін өлі күйінде табылған 1959 жылы туған Мақсот Қарабалин мен оның 1961 жылы туған жұбайы Насипа Өтешқалиеваны өлтірді деген күдікке ілінген 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиевтің анасы Гүлнар ұлының елге оралуын қалайтынын айтып, оның «жасаған ісі үшін жауап беруін» талап етті.
Күдіктінің анасы Гүлнар журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында ұлының кінәлі екеніне сенбейтінін, бірақ соған қарамастан оның елге оралуын қалайтынын айтты.
“Ұлым қайтып келіп, жасаған ісіне жауап бергенін қалаймын. Егер өз қолымен істесе, мойнына алсын. Маған да оңай емес. Келсін де, жазасын алсын”, – деді ол.
Сондай-ақ Гүлнар бұл іске ұлының қатысы бар болуы мүмкін емес екенін жеткізді.
“Мен ұлымды білемін. Қаннан қорқады, тіпті қой да соя алмайды. Мұндайға барды дегенге сенбеймін. Біреу ұстап отырғандай көрінеді. Мұнда оның бес баласы бар. Немерелеріме “Аналарың ауырып, емделуге кетті” деп айтып жүрмін. Ұлыма “Қайтып кел, балаларды ойла, кінәң болса мойында” деп жазамын. Оны бәрі іздеп жатыр”, – дейді күдіктінің анасы.
Оның айтуынша, екі айдан бері ұлы байланысқа шықпаған, тіпті бес баласына да хабарласпаған.
Күмәнді хаттар мен туыстардың күдігі
Марқұмдардың туыстары жоғалған Наурыздың жазбаларына назар аударған. Оның немере ағасы Шалқар Мұқанғалиев хабарламалардың жазылу мәнері күрт өзгергенін айтты.
“Жазда қалаға кеткеннен кейін хаттарды қайта оқыдым. Екі түрлі адам жазғандай әсер қалдырды. Тым сауатты, диктант сияқты – үтірлері қойылған, қате жоқ. Біреу оның атынан жазды ма деп күдіктендік. Бірақ арыз бергеннен кейін ол байланысқа шықпады”, – деді ол.
Оның сөзінше, қылмысты бір адам емес, бірнеше адам жасауы мүмкін деген күдік бар.
“Ешқандай айғақ жоқ. Бәрін қарап шықтық. Алдын ала дайындалған сияқты”, – дейді туыстары.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте жүз ерікті полицияның жұмысымен танысты

AdiletTV

ЗА ПОСЛЕДНИЕ ТРИ ГОДА УСТАНОВЛЕНО 295 НОВЫХ БАЗОВЫХ СТАНЦИЙ И МОДЕРНИЗИРОВАНО 398 СТАНЦИЙ

AdiletTV

Проект на 27 миллиардов тенге: в Шымкенте возобновлено производство Coca-Cola

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз