10.3 C
Shymkent
17 февраля, 2026
adilettv

РЕСЕЙДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТ СОТТАЛДЫ

Санкт-Петербург әскери соты қазақстандық студент Гарри Азарянды терроризмді ақтау бабы бойынша кінәлі деп танып, 2 жылға бас бостандығынан айырды. Мемлекеттік айыптаушы 3 жыл, ал адвокат айыппұл түріндегі жаза сұраған.
Тергеу нұсқасына сәйкес, айыпталушы билікті күшпен құлатуға қатысты идеяларды қолдаған деген күдікке ілінген. Прокурор ауырлататын жағдай ретінде оның Ресейдегі мобилизация кезеңінде Украинадағы соғысқа қатысты пікір білдіргенін атаған. Сотта соңғы сөзінде Азарян кінәсін мойындап, өкінетінін, қоғамға қайта оралып пайдалы болғысы келетінін айтқан.
23 жастағы студент Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде білім алған, магистратурада оқыған. 2025 жылғы мамырда қамауға алынған. Тергеу материалдары бойынша ол «Жұмысшы билігі» ұйымының студенттік ұяшығына қатысы болуы мүмкін деп күдіктелген.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТІҢ МӘДЕНИЕТІН КІМ БАСҚАРУДА?!

AdiletTV

Ұстаздардан ақша жинап келген мектеп басшылығына қатысты тергеу басталды

AdiletTV

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН «КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ

Пікір қалдырыңыз