7.3 C
Shymkent
17 февраля, 2026
adilettv

ҚАРИЯ ЕКІ МӘЙІТТІ БАЛ ЖӘНЕ МАЙМЕН ӨҢДЕП, ЕКІ ЖЫЛ БОЙЫ ҮЙДЕ САҚТАҒАН

Павлодар облысында қария екі мәйітті бал және маймен өңдеп, екі жыл бойы үйінде сақтаған.
Мәйіттерді полиция қызметкерлері тапқан. Тексеріс жүргізуге отбасы мүшелерінің бірінің ұзақ уақыт бойы дәрігердің қабылдауына келмеуі себеп болған. Сондай-ақ туыстары полицияны үйге кіргізуден бас тартқан.
Марқұмдардың мәйіттері екі үй орналасқан ауладан табылған. Үйлердің бірінде қария алты жасар қызбен бірге тұрған.
Қыз бала Майқайың кентіндегі ауруханаға жеткізілді. Баланы Екібастұз қаласындағы “Үміт” қолдау орталығына орналастыру жоспарлануда.
Алдын ала мәлімет бойынша, мәйіттер қарияның күйеуі мен қызына (алты жасар қыздың анасы) тиесілі болуы мүмкін.
Қария екі жыл бұрын оларды жерлеудің орнына, мәйіттерді үйде қалдырып, шіруден сақтау мақсатында бал және маймен өңдеуді бастаған. Ол бұл әрекеттерге алты жасар немересін де тартқан көрінеді.
Полиция аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
“Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайларын объективті түрде анықтауғаи бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде”, – делінген Павлодар облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН МЕН ХОРЕЗМ ОБЛЫСТАРЫ ТУРИЗМДІ БІРЛЕСЕ ДАМЫТАДЫ

AdiletTV

МАҢҒЫСТАУДА 13 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДЫ ЗОРЛАДЫ ДЕП АЙЫПТАЛҒАН ЕР АДАМ ӨЗІНЕ ҚОЛ САЛДЫ

AdiletTV

Түркістан облысы: Ордабасы аудандық ауруханасында инсульттің алдын алу бойынша жиын өтті.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз