10.3 C
Shymkent
17 февраля, 2026
adilettv

БЕРІК УӘЛИДІҢ АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛҒАНЫНА 1 ЖЫЛ

2025 жылғы 17 ақпан күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалған болатын. Бұл Абай облысы үшін жаңа кезеңнің бастауы болды. Берік Уәли бір жыл ішінде аудандарға 10–15 реттен жұмыс сапарымен барып, облыстың әрбір елді мекені назардан тыс қалған жоқ. Шалғайдағы Емелтау, Баршатас, Байқошқар, Ақшоқы, Алғабас, Үштөбе Қоянбай ауылдарына дейін барды. Бұл сол ауылдағы ағайынның үміт отын жағып, мерейін асырған сәт болды.
Бір жыл қысқа мерзім болғанымен өңір 365 күн ішінде ауқымды нәтижелерге қол жеткізіп үлгерді. Бұрын соңды болмаған инвестициялар тартылды. Соның нәтижесінде Абай облысы меншікті кірістердің өсу қарқыны бойынша республикада екінші орынға тұрақтады. Бұл – жүйелі жұмыстың жемісі мен сенім мен жауапкершіліктің нәтижесі. Абай облысы – даму жолында. Ал даму – нақты іспен дәлелденуде. Сондай-ақ бүгін аймақ басшысы республикалық «Egemen Qazaqstan» газетіне сұхбат берді. Онда ол Бақытбек Қадырға өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстар, жүзеге асырылған жобалар және алдағы жоспарлар туралы айтып берді. Ең әуелі «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлт¬тық жобасы аясында облыс¬та салы¬нып, құрылысы созылып кеткен 65 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысаны құрылысын аяқтап, былтыр тұрғындардың игілігіне берілді. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы шеңберінде бой көтерген мектеשּׁтер¬дің құрылысы да кестеден кешігіп қалған.Алайда, мердігерлерге қатаң талап қойып, нәтижесінде, 2025 жылы облыста 4 заманауи мектеп ашылған. Бесқарағай ауданында 300 орындық, Аягөз ауданында 600 орындық, Семей қаласының Қарағайлы шағын ауда¬нында 1200 орындық, Водный кентінде 600 орындық мектеп пайдалануға берілді. Восточный кентінде осы бағдарламамен 300 орындық мектептің құрылысы аяқталды. Төртінші тоқсанда ашуды жоспарлап отырмыз. Семейдегі 96 гектар аумақты қамтитын «Өндіріс» индустриялық аймағында үш жоба іске қосылды. Облыс бойынша жалпы 10 инвестициялық жоба жүзеге асып, 228 жаңа жұмыс орны құрылды. Сол жобалардың бесеуі Семейде іске асырылып, 98 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.Әкім бастамасымен өткен «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырды. Форум аясында жалпы құны 336 млрд теңгені құрайтын 15 келісім жасалып, соның нәтижесінде екі ірі жоба нақты кезеңге өтті. Солардың бірі – «Pana Complex Semey» қонақүй кешені, нысан пайдалануға беріліп, 105 жаңа жұмыс орны ашылды. Екінші жоба – құрылысы басталған «Semey Mall» сауда-ойын-сауық орталығы, толық іске қосылғанда 100 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды. Сонымен қатар, Бородулихада жылдық қуаттылығы 6 миллион дана керамикалық кірпіш шығаратын зауыт іске қосылды. Ал «Казполиграф» кәсіпорнында картон қаптама шығаратын жаңа цех ашылып, өнімінің 30 пайызы экспортқа шығарылады. Облыс көлемінде 358 шақырым жол жөнделді. Семейде 52 көшеге асфальт төселсе, оның 36-сына алғаш рет асфальт салынды. Сонымен қатар 40 аулаға асфальт жайылып, 35 аула абаттандырылды. 25 жыл қараусыз қалған аспалы көпір күрделі жөндеуден өтті. Ұзындығы 415 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар Қалбатау–Майқапшағай автожолы ашылды.Әуе қатынасы да жанданды. «Семей–Астана–Семей» бағытында «Южное небо» компаниясының 48 орындық ұшағы рейске шықты. Бұл өңірдің көлік-логистикалық мүмкіндігін кеңейтетін маңызды шешім. Қарағайлыда 53 мың шаршы метрлік жаңа саябақ ашылып, Қарағайлы мен Энергетик аудандарын байланыстыратын көше пайдалануға берілді. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер және велосипед жолдарының салынуы да сапаның өзгеріп жатқанын көрсететін фактор. 2025 жыл өңір үшін айрықша есте қалатын жыл болды. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы халықаралық деңгейде аталып өтті. Мерейтой тек мәдени шара болып қана қоймай, өңірдің рухани белгісіне айналды. Осы жылы сегіз мәдени нысан жөнделіп, Новопокровка мен Камышенко ауылдарында 100 орындық жаңа клубтар ашылды. Спорт саласында алты жаңа спорт кешені пайдалануға беріліп, бұқаралық спортқа қолжетімділік артты.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Шымкент қаласы: «АДАМНЫҢ ӨМІРІ — ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ» тақырыбында ерекше форматтағы психологиялық воркшоп (workshop) өтті.

AdiletTV

«Каз Мед Пром» ЖШС – медициналық өнім өндіретін кәсіпорынның Шымкент экономикасындағы орны

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз