13.3 C
Shymkent
19 февраля, 2026
adilettv

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

▪️Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында өңір басшысы өткен жылы атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталып, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады.
📌– Осы жылы да бірінші кездесуімді киелі Түркістан қаласының тұрғындары – өздеріңізбен өткізгенді жөн санадым. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2026 жылдың қаңтар айында Қызылорда қаласында Ұлттық Құрылтайдың бесінші отырысында еліміздің келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салды. Бұл бастамалар мемлекеттік басқаруды ықшамдап, оның тиімділігін арттыруға, халықтың жағдайын одан әрі көтеруге бағытталған. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, облыс әкімдеріне барлық аудан, қалалардың тұрғындарымен кездесіп, мәселелерді ашық диалог алаңында шешу міндеттелген. Былтырғы кездесуде Түркістан қаласы бойынша 17 мәселе көтерілген. Олардың 16-сы шешімін тауып, 1 мәселесі биыл шешіледі. Сіздер сұраған спорт кешендердің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Одан бөлек 111 көшеге асфальт төселді. Осының барлығы сіздердің қала тұрғыны ретінде белсенді ұстанымдарыңыз бен жергілікті әкімдікпен бірлесе атқарған жұмыстардың нәтижесінде жүзеге асты. Бүгінгі кездесуде де белсенділік танытып, ойларыңызда жүрген мәселелерді бірге талқылап, шешімін табуға атсалысайық, – деген Нұралхан Көшеров мемлекеттің қолдауы мен жүйелі жұмыстың нәтижесінде Түркістан қаласының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң өсім қалыптасқанын атап өтті.
▪️Жалпы өңірлік өнім көлемі 2025 жылы 526,3 млрд теңгені құрап, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 15,5 пайызға өсті. Өнеркәсіп өнім көлемі 2025 жылы 45,9 млрд теңгеге жетіп, өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 10,3 пайызға артқан. Шаһарда жаңа нысандар салынып, туристік, өндірістік әлеует көтеріліп келеді.
▪️Халықпен кездесуде қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының өткен жылғы жұмыстар бойынша баяндамасы тыңдалды.
▪️Одан кейін қала тұрғындары тарапынан көтерілген өзекті мәселелер тыңдалып, ұсыныс-пікірлер қабылданды. Әрбір азаматқа өз пікірін еркін айтуға, өтініш-тілектерін жеткізуге толық мүмкіндік берілді. Тұрғындар жерді заңдастыру, баспанамен қамту, инфрақұрылым, қоғамдық көлік, тұрғын үйлердегі кемшіліктер, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол сапасы, білім, туризмді дамыту, әлеуметтік нысандар құрылысы және өзге де мәселелерді қозғады.
▪️Облыс әкімі Нұралхан Көшеров әрбір сұраққа нақты жауап беріп, жауапты басқарма басшылары мен тиісті мекеме жетекшілеріне тапсырмалар жүктеді. Көтерілген мәселелердің кезең-кезеңімен шешілуі бақылауға алынатынын жеткізді.
▪️Кездесуге қатысқан тұрғындар өңірдегі, қаладағы ілкімді істер мен бастамаларға оң бағаларын беріп, көтерілген мәселелер шешімін табатынына сенімін білдірді.
▪️Айта кетейік, Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тартуға басымдық берілген. Өңір экономикасына 1,7 трлн теңге инвестиция тартылып, өсім 121,6 пайызды құрады. Оның ішінде 1,1 трлн теңгесі – жеке инвестиция. Экономиканы әртараптандыру мақсатында өткен жылы 340 млрд теңгеге 58 инвестициялық жоба іске қосылып, 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Оның ішінде мақта өңдеу, алюминий бұйымдары, тұрғын үйлерге арналған газ қазандықтары және сусын шығаратын зауыттар, уран және әк өңдеу кешендері ашылды. Мемлекеттік бюджетке салық түсімі алдыңғы жылмен салыстырғанда 234 млрд.теңгеге өсіп, алғаш рет 1 трлн теңгеге жетті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкент қаласы: ОТБАСЫМ – АЛТЫН ДІҢГЕГІМ

AdiletTV

ТОКАЕВ ПРИНЯЛ ПРЕДСЕДАТЕЛЯ КОНСТИТУЦИОННОЙ КОМИССИИ

AdiletTV

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ ФАБРИКУ НЕТКАНЫХ МАТЕРИАЛОВ И ЗАВОД ПО ВЫПУСКУ МЕТАЛЛИЧЕСКИХ ДВЕРЕЙ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз