52 жастағы әйелді талаған иттер бір үйдікі екен
Оқиға Қарасай ауданыны қарасты Ұмтыл ауылдық округінде болған. Қайта көршілері байқап қалып, көмектескен
Бірден жедел жәрдем шақырып, қансыраған келіншекті аудандық ауруханаға жеткізген. Үсті-басының сау тамтығы қалмапты.
«Науқаста басының маңдай тұсында және аяқ-қолында көптеген тістелген жарақаттар анықталды. Дәрігерлер тарапынан науқасқа алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізілді. Қазіргі таңда науқастың жағдайы орташа ауырлықта деп бағалануда. Ол травматалогия бөліміне жатқызылып, тиісті ем қабылдауда», – дейді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.
Куәгерлердің айтуынша, 52 жастағы әйелді талаған иттер бір үйдікі екен. Алдын ала мәлімет бойынша, көршісі үйінде 30-ға тарта ит ұстайды екен. Қазір полиция іс қозғап, тергеуді бастады.
