adilettv

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ: «СЕНАТОРЛАР ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІН ТҮСІНДІРУ ҮШІН ӨҢІРЛЕРГЕ ШЫҒАДЫ»

Мәулен Әшімбаев: «Сенаторлар жаңа Конституцияның ережелерін түсіндіру үшін өңірлерге шығады»
Бүгін Палата отырысында Сенат Төрағасы 19 ақпан мен 5 наурыз аралығында сенаторлар өңірлерге барып, халықпен кездесулер өткізіп, жаңа Негізгі заң жобасының ережелерін түсіндіретінін мәлімдеді.
«Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес 15 наурыз күні Жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтеді. Сенат депутаттары конституциялық реформалардың мән-маңызын түсіндіру үшін өңірлерге барады. Бұл ретте халықпен ашық диалог орнатып, конституциялық өзгерістер Мемлекет басшысының саясатының жүйелі жалғасы әрі “Әділетті Қазақстан” тұжырымдамасының институционалдық негізі екенін атап өту маңызды. Азаматтардың осы бастамалардың мәнін терең түсінуі және дұрыс қабылдауы – олардың табысты жүзеге асуының басты кепілі», – деді Мәулен Әшімбаев.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН «КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ӘЗІРЛЕНУДЕ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қытайдың жетекші өнеркәсіптік компанияларының бірі – «Tianjin Youfa Steel Pipe Group Co. Ltd.» өкілдерімен маңызды кездесу өткізді

AdiletTV

Шымкенттің 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз