Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының қызметкерлері Әл-Фараби ауданы, Қабанбай батыр көшесі, № 6 мекенжайдағы көп пәтерлі үйдің ауласында орналасқан бос ғимараттың заңдылығына зерделеу жұмысын жүргізді. Бұл іс-шара қала әкімінің тапсырмасымен іске асырылып отыр.
Нәтижесінде аталған ғимараттың нысаналық мақсаты қолданыстағы спортзал екені, жалпы ауданы 648,0 м², пайдалануға қабылдау актісі тіркелмегені анықталды.
Осы деректердің негізінде меншік иесіне тиісті түсіндірме жұмысы жүргізілді, нысанды өз еркімен бұзатыны жөнінде келісіліп, қазіргі таңда ғимарат толық бұзылды.
Құрметті қала тұрғындары!
Құрылыс-монтаждау жұмысының алдында заң және құрылыс нормаларының талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз. Талап сақталмаған жағдайда ірі көлемдегі айыппұлдар салынып, заңсыз құрылыс бұзылады.
