15.3 C
Shymkent
20 февраля, 2026
adilettv

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ASHMORE GROUP КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ МАРК КУМБСТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

▪️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ashmore Group халықаралық инвестициялық компаниясының басшысы Марк Кумбс өзара тиімді бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
▪️Президентке Ashmore Healthcare International компаниясы мен «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-інің бірлесіп, Қазақстанда халықаралық клиника салу жоспары жөнінде мәлімет берілді. Бұл бастамаға әлемдік деңгейдегі медицина операторы – Mount Sinai Health System компаниясын тарту көзделген.
▪️Мемлекет басшысы Үкіметтің аталған маңызды жобаға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.
▪️Марк Кумбс Қазақстан экономикасының стратегиялық секторларында ынтымақтастық орнату үшін зор әлеует бар екеніне назар аударды.
▪️Сонымен қатар экономиканың басымдыққа ие және жоғары технологиялы салаларын дамытуға бағытталған Ашық инвестициялық серіктестік бағдарламасы аясындағы ықпалдастық перспективасы жайында пікірімен бөлісті.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ПАРА САДАҚ АТУДАН ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

AdiletTV

В ШЫМКЕНТЕ В РАМКАХ НАЦИОНАЛЬНОГО ПРОЕКТА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІ» ФОРМИРУЕТСЯ СОВРЕМЕННОЕ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЕ ПРОСТРАНСТВО

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз