adilettv

ТАРАЗДА ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗБАҒАН БІРНЕШЕ ЖҮРГІЗУШІ ЗАҢСЫЗ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕП КЕЛГЕН

Тексеріс Сүлейменов көшесінде орнатылған 40 км/сағ жылдамдық шектеу белгісінен басталды.
Камералар жылдамдықты жазып, жүргізушілерге айыппұлдар келіп, олар төлеп отырған.

Қала тұрғыны Рустенбек Әмірзахов прокуратураға арызданғаннан кейін бұл жерге тексеріс жасалды. Белгі келісімсіз және жол жағдайын ескермей қойылғаны анықталды.
Сондықтан жүргізушілер заңсыз шешім бойынша жазаланған. Тек бір учаскеде 32 260 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 345 349 309 теңге болған.
Белгі кейін алынғанымен, шыққан қаулылар күшінде қалды.
Ал айыппұл төленген қаражат жүргізушілерге қайтарылған жоқ.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПРЕЗИДЕНТ: «ЕЛІМІЗ БОЙЫНША 2334 АУЫЛ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ»

AdiletTV

Шымкент қаласы: Есірткі қылмысына қарсы күрес жұмыстары жүргізілді

AdiletTV

БҮГІНГІ ҚҰРЫЛТАЙ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРДІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз