Сайрам ауданындағы Жібек Жолы ауылында әкімдік ғимараты былтыр маусымда салынған.
Алайда қазір апаттық күйде тұр. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіпті болғандықтан, олар әзірге қабырғалары бүтін жаққа көшірілген.
“Әрине, қорқынышты. Күзетшінің өзі түнде бәрі сықырлап, шытынап тұратынын айтады. Соңғы аптада шөгу күшейді, жарықтар үлкейді. Мен маман емеспін, бірақ іргетас дұрыс құйылмаған сияқты”, – деді Жібек Жолы ауылдық округі әкімінің орынбасары Талғат Қамбарбеков.
Жоба 193 миллион теңгеге салынған.
