adilettv

95 МЛН ТЕҢГЕ ЖЫМҚЫРҒАН ШЫМКЕНТТІК АЛАЯҚ ТҮРКИЯДАН ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Түркия Республикасының Анталья қаласында аса ірі мөлшерде сериялық алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы ұсталып, Қазақстанға қайтарылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті 2019-2020 жылдары Шымкент қаласының кемінде төрт тұрғынын алдап, олардың сеніміне кірген. Ол жәбірленушілердің қаражаты мен жер телімдерін заңсыз иемденген. Алдын ала есеп бойынша, келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 95 миллион теңгеге жуық.

Құзырлы органдардың мәліметінше, қылмыс жасалғаннан кейін күдікті қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында Қазақстан аумағынан шығып кеткен. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.

«Заңмен белгіленген жауапкершіліктен жалтару мақсатында күдікті жасырынып қалған. Кейін ол Түркия аумағында анықталып, ұсталды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы негізінде шетелдік әріптестердің көмегімен экстрадициялау рәсімі жүзеге асырылып, күдікті елге жеткізілді», — делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта ер адам тергеу изоляторына қамалды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық кодекстің алаяқтыққа қатысты бабына сәйкес, егер кінәсі дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Құзырлы органдар азаматтарды жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелер жасасу кезінде барынша мұқият болуға, құжаттардың заңдылығын тексеруге және күмәнді ұсыныстардан сақ болуға шақырады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ «ОРДАБАСЫ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ БАЗАСЫ АШЫЛДЫ

AdiletTV

АЛМАТЫДА 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ УАҚЫТ КАПСУЛАСЫН САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚОЮ РӘСІМІ ӨТТІ.

AdiletTV

«Трояның ағаш аты». Қазақ ғалымының онкологияға қарсы дәрісі қатерлі ісікті қалай жояды

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз