adilettv

АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

🔷 Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиында тұтынушылардың құқықтарын қорғау, пайдалануға берілген нысандарды мемлекеттік тіркеу және мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

🔷 Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Оспан Әбиевтің мәліметінше, өткен жылы департаментке азаматтардан 7 930-дан астам өтініш түскен. Шағымдардың басым бөлігі сауда саласына қатысты, яғни, сапасыз тауар сату, өнімді айырбастаудан және қайтарудан бас тарту, сондай-ақ, кепілдік міндеттемелерін орындамау фактілері бойынша.
🔷 Өтініштердің едәуір бөлігі электронды коммерциямен байланысты. Атап айтқанда, алдын ала төленген тауардың жеткізілмеуі, өнімнің сипаттамасына сәйкес келмеуі және интернет-дүкендердің кері байланысқа шықпауына байланысты шағымдар түскен. Сонымен қатар, тұрмыстық қызметтердің сапасына, келісімшарттық міндеттемелердің орындалмауына және қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына қатысты да өтініштер болған.
🔷 Қаржы басқармасының басшысы Руслан Бақтыбаевтың айтуынша, 2018-2024 жылдары пайдалануға берілген нысандардың мемлекеттік тіркелуіне талдау жүргізілген. 563 нысанның 429-ы тіркелген, қалған 134 нысанның құжаттарды рәсімделуде.
🔷 Кешігудің негізгі себептері ретінде жер актілерін рәсімдеу мерзімінің созылуы және жауапты мамандар тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі аталды.
🔷 Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаеваның айтуынша, өткен жылы 53 мыңнан астам өтініш қабылданып, қаралған. Тұрғындар өздеріне қажет оңалту құралдары мен қызметтерді алып, бұл олардың тұрмыстық жағдайының сапасын арттыруға және қоғамға бейімделуіне ықпал еткен.
🔷 Қызметтерге қолжетімділікті жеңілдету мақсатында «Әлеуметтік қызметтер порталы» және мобильді қосымша жұмыс істейді. Солар арқылы азаматтар үйден шықпай-ақ оңалту құралдары мен қызметтеріне тапсырыс бере алады. Қолжетімді орта қалыптастыру аясында жүздеген қоғамдық нысан бейімделген, ал «Инватакси» қызметі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ыңғайлы қатынауын қамтамасыз етеді.
🔷 Бұдан бөлек, коммуналдық мекемелерде және «TEN QOGAM» әлеуметтік орталығында азаматтарға ақпараттық-кеңестік, құқықтық, әлеуметтік және психологиялық қызметтер көрсетіледі. Биыл мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасын арттыру мақсатында оңалту бағдарламаларын кеңейту, бейімделген нысандар санын көбейту және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін жақсарту жоспарланып отыр.
🔷 Кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуді, нысандарды мемлекеттік тіркеу үдерісін жеделдетуді, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуді және тұрғындарды қолдау шаралары туралы ақпараттандыру жұмысын белсендіруді тапсырды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Сізді тұңғиыққа ұшып бара жатқандай сезінесіз». Алматыдағы люктермен не болып жатыр

admin

ПРЕЗИДЕНТ: «МЕНІҢ ШЕТЕЛГЕ САПАРЛАРЫМ ЖӘНЕ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕРІМ БАРЫСЫНДА ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛГЕН КЕЛІСІМДЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫНА БАСА МӘН БЕРУ ҚАЖЕТ»

AdiletTV

ЦИФРЛЫҚ ӘДІЛЕТ: ХАЛЫҚҚА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК ОНЛАЙН КӨРСЕТІЛУДЕ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз