adilettv

БҚО-ДА МЕКТЕП ОҚУШЫСЫН ЗОРЛАДЫ ДЕП АЙЫПТАЛҒАН ШЕНЕУНІК ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданында жасөспірім қызды зорлады деген күдікке ілінген шенеунік қызметінен босатылды. Алайда тергеу барысында оқиғаның жаңа мән-жайлары анықталды. Бұл туралы жергілікті құқық қорғау органдары мәлімдеді.

Бұған дейін аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Күдікті аудандық әкімдіктің бөлімдерінің бірінде басшылық немесе жауапты қызметте болған. Арыз түскен бойда ол атқарып отырған лауазымынан босатылды.

Полиция жүргізген тергеу амалдарының нәтижесінде кәмелетке толмаған қызға қатысты күш қолдану белгілері байқалмаған.

«Бұл жайтты жәбірленушінің өзі және анасы да растап, күдіктіге қатысты қандай да бір шағымы жоқ екенін, қарым-қатынастың өзара келісім негізінде болғанын мәлімдеді», — делінген полиция таратқан ресми ақпаратта.

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЙНАРБҰЛАҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

AdiletTV

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ: ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТ- ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

AdiletTV

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МИЛЛИОННАН АСТАМ АДАМ ДАУЫС БЕРЕ АЛАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз