adilettv

ТҮРКИЯДА ӘСКЕРИ ҰШАҚ АПАТҚА ҰШЫРАДЫ: БІР АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Түркияның Балыкесир қаласында орналасқан 9-шы негізгі реактивті әуе базасына тиесілі F-16 Fighting Falconжойғыш ұшағы оқу-жаттығу сипатындағы жауынгерлік ұшу кезінде апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан бір ұшқыш қаза тапты.

Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесімен радиобайланыс түнгі сағат 00:56-да үзілген. Іздеу-құтқару операциясы барысында ұшақтың құлағаны расталып, сынықтары табылған.

Апат Измир – Стамбул тас жолының Наипли учаскесі маңында болған. Қауіпсіздік шараларына байланысты жол қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Түркия Ұлттық Қорғаныс министрлігі апаттың нақты себебі арнайы техникалық комиссия жүргізетін тергеу нәтижесінде анықталатынын мәлімдеді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕГІ ӨЛІММЕН АЯҚТАЛҒАН ЖАППАЙ ТӨБЕЛЕС: АМАН ҚАЛҒАН АЗАМАТТЫҢ ЖАҒДАЙЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

AdiletTV

СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ДАЙЫНДЫҚ: ШЫМКЕНТТІҢ ЖЕДЕЛ ЖАСАҒЫ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ ДАЙЫН

AdiletTV

Шымкент қаласының туристік әлеуеті мен инфрақұрылымын дамыту бойынша 2025 жылдың I тоқсанындағы негізгі көрсеткіштер

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз