19.3 C
Shymkent
30 марта, 2026
adilettv

30 НАУРЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЛДЫҚСЫЗ КҮН

Халықаралық қалдықсыз күн аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасында қалдықтарды тұрақты басқаруға көшу және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту маңыздылығын атап өтеді.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Экология және табиғи ресурстар министрлігі қалдықтарды басқару саласын жүйелі түрде реформалауды жүргізуде.
Маңызды кезеңдердің бірі 2025 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2026-2030 жылдарға арналған барлық қалдық түрлерін басқару тұжырымдамасының бекітілуі болды. Бұл құжат сала дамуының тұтас әрі кешенді моделін қалыптастыратын алғашқы стратегиялық құжат болып табылады.
Реформаның негізгі элементі ретінде «Жасыл даму» АҚ базасында Ұлттық қалдықтарды басқару орталығын құру жоспарлануда. Жаңа орталық бүкіл жүйенің үйлестірушісі болып, ведомствоаралық өзара іс-қимылды, бірыңғай стандарттарды және ұлттық деңгейде бақылауды қамтамасыз етеді.
Негізгі бағыттардың бірі қалдықтардың түзілуінен бастап кәдеге жаратылуына дейінгі барлық кезеңдерде есепке алу мен мониторингтің цифрлық жүйесін енгізу болып табылады. Бұл қалдық ағындарының ашықтығын қамтамасыз етуге, есептіліктің сенімділігін арттыруға және көлеңкелі айналымды азайта отырып мемлекеттік бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.
Тұжырымдама саладағы жинақталған проблемаларды шешуге бағытталған. Олардың қатарында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу деңгейінің төмендігі, қалдықтарды көму үлесінің басымдығы, инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы, сондай-ақ өндірістік және қауіпті қалдықтардың едәуір көлемінің жинақталуы бар.
Реформа аясында сұрыптау және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту, қайталама ресурстар нарығын қалыптастыру, тарихи жинақталған қалдықтар мәселесін шешу және қауіпті әрі медициналық қалдықтарға бақылауды күшейту көзделген.
Сонымен қатар, бұрын жүйелі инфрақұрылым болмаған ауылдық елді мекендерде қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметтерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ “ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

AdiletTV

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ- ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН РАМАЗАН АЙЫНЫҢ БАСТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

AdiletTV

ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРЛІГІ ШЕНЕУНІКТЕРГЕ ЖЕТІ СӘНДІ КӨЛІКТІ ЖАЛҒА АЛУҒА 93 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ЖҰМСАМАҚ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз