19.3 C
Shymkent
30 марта, 2026
adilettv

ӘСКЕРДЕН ЖАЛТАРҒАНДАР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАДЫ⁣⁣

Қаламыздағы Жол-көлік колледжінде әскери қызметтің маңыздылығы мен мерзімді әскери қызметтің артықшылығы туралы студенттермен кездесу өтті. Кездесуге арнайы қонақ ретінде Шымкент қаласы Еңбекші және Қаратау аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма инспекторы — Тоқымбаев Спандиар Сайлаубекұлы мен Қоғамдық кеңестің мүшесі — Қуашбай Саттар қатысып, студенттермен еркін форматта пікір алмасып, ой бөлісті. ⁣⁣⠀

⁣⁣Кездесу барысында студенттерге әскери қызметтің маңызы мен артықшылығы, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру тәртібі мен қарастырылған жеңілдік туралы кеңінен түсіндірілді.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
-Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне қарасты 8 әскери оқу орны бар. Оның 5-еуі колледж, 3-еуі жоғарғы әскери оқу орны. Аталған жоғарғы оқу орнына түсу үшін физика және математика пәнін таңдап, 7 баллдан жоғары жинау керек. Шектік балл — 50 балл. Әскери оқу орны 100% тегін, толығымен мезгілдік киіммен, жатақханамен қамтамасыз етіледі. Әскери оқудың артықшылығы: 4 жыл оқып бітіргеннен кейін 5 жыл келісімшарт бойынша әскери бөлімдерде жұмыс істей алады, жұмыспен қамтамасыз етіледі. Әскери шен алып, жүргізуші куәлігі беріледі. Әскери қызметті жалғастыратын болса, 45, 47 жасында зейнетке шыға алады, — деді С. Сайлаубекұлы.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
⁣⁣⠀
Сонымен қатар, спикерлер мерзімді әскери қызмет туралы да сөз қозғады. Маманның айтуынша, борышын өтеп жүрген азаматтардың уақытша несие төлемдері тоқтатылып, борышын өтеп келген сарбаздар тегін оқуға түсе алады. Ал, мерзімді әскери қызметке шақыртудан бас тартқаны үшін заңнамада қылмыстық және әкімшілік жауаптылық көзделген. Сондай-ақ, ол әскерге бармау үшін өз денсаулығына қасақана зиян келтiру, «аурумын» деп жалған құжат жасау сияқты әрекеттер қатаң жазаланатынын ескертті.⁣⁣
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАНДА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

AdiletTV

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КӨШЕТ ӨНДІРУ МЕН АҒАШ ОТЫРҒЫЗУДА РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАП ТҰР

AdiletTV

Шымкенттік кәсіпкерлер мен сенатор білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз