Жаңалықтар Қоғам Шымкент

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ҚАЛА ӘКІМІ ЕЛ АҒАЛАРЫМЕН БІРГЕ АҒАШ КӨШЕТТЕРІН ОТЫРҒЫЗДЫ

Наурызнама онкүндігіне сәйкес, бүгін 19 наурыз Жаңару мейрамы. Осыған орай, қаланы көгалдандыру мақсатында Арыста жаппай тал отырғызу шарасы өтті.

Ағаш көшеттерін отырғызуға қала әкімі Гүлжан Құрманбековамен бірге қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, Арыс қаласының прокуроры Алмас Арыстанбеков, қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасы Тәңірберген Әсіл, мемлекеттік қызметкерлер мен мәслихат депутаттары, ардагерлер мен ақжаулықты әжелер, сондай-ақ әскери бөлім сарбаздары да атсалысты.

Шаһар басшысы бастаған зиялы қауым өкілдері жас өскіндерді Алатау тұрғын ауданына кіреберістегі Е.Молдабаев көшесі жиегіне отырғызды.

«Жаңару мерекесінің негізгі мақсаты қала тұрғындарын тазалыққа шақырып, көктемгі ағаш отырғызу маусымына тарту. Қаладағы еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін, сондай-ақ әскери бөлім сарбаздарына шараға үн қосқанына шынайы алғысымды айтамын.» деді қала басшысы.

Алдағы уақытта қаланы әрі қарай көріктендіру жұмыстары жалғасын табатын болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу

Related posts

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚ ШАРУА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮРЛІ ТҮСТІ ФОРЕЛЬ БАЛЫҒЫН ӨСІРІП ЖАТЫР

admin

«382 миллион немен жұмсалды?» Шенеуніктен даулы Құрылыс кодексі туралы сұрады

admin

Қазақстан уақыт жағынан Мальдив пен Амстердаммен тең болады

admin